Шығыс Азия елдерімен стратегиялық серіктестік жобалық кеңсесі (Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония)
Шығыс Азия елдерімен стратегиялық серіктестік жобалық кеңсесін құру әзірлеу кезеңінде. Кеңсе METAU мен Қытай, Оңтүстік Корея және Жапонияның жетекші жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары мен ұйымдары арасындағы академиялық, ғылыми және инновациялық ынтымақтастықты дамыту мен үйлестірудің негізгі алаңына айналады.
Кеңсенің қызметінің негізгі бағыттары:
• бірлескен білім беру, зерттеу және инновациялық жобаларды бастамалау және қолдау;
• студенттер, оқытушылар және зерттеушілердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту;
• ғылым, технологиялар және инновациялар саласындағы стратегиялық өзара іс-қимылды нығайту;
• мәдениетаралық диалогты дамыту, Шығыс Азия елдерінің тілдері мен мәдениеттерін танымал ету;
• Қытай және Корея Республикасының серіктес ұйымдарымен бірлесіп университет жанынан тіл орталықтарын ашу;
• шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындалатын шетелдік студенттерге арналған дайындық курстары (foundations) бағдарламаларын және аймақ елдерімен ынтымақтастық шеңберінде білім беру бастамаларын, алмасу бағдарламаларын және стартап-жобаларды қолдауға арналған мамандандырылған орталықтар құру.
Кеңсенің қызметі, серіктестік жобалар және іске асырылатын бағдарламалар туралы ақпарат осы бетте үнемі жаңартылып отырады.