Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаменті
Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі формаларының бірі — студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық және ғылыми алмасу бағдарламалары, сондай-ақ тағылымдамалар. Еуразия технологиялық университеті білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруға Болон декларациясының негізгі қағидаттарының бірі ретінде үлкен мән береді.
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің негізгі мақсаты — Еуразия технологиялық университетінің халықаралық қызмет стратегиясын іске асыру.
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің негізгі міндеттері:
— Университеттің білім беру және ғылыми қызметін интернационалдандыруға жәрдемдесу;
— Еуразия технологиялық университетінің халықаралық қызметін стратегиялық жоспарлау және мониторингілеу;
— Еуразия технологиялық университетінің білім беру қызметтерін экспорттау/импорттауды дамытуға қатысу;
— Халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға жәрдемдесу;
— Оқуға шетелдік азаматтарды және шетелдік мамандарды тартуда жоғары оқу орнының оқу бөлімшелеріне көмек көрсету;
— Қызметкерлерді іссапарға жіберу, студенттерді шетелге жіберу туралы бұйрықтарды ресімдеу, шетелге іссапарлар бойынша есептік құжаттаманы аудару;
— Университеттің ПОҚ және студенттерінің шетелдік тағылымдамаларын ұйымдастыруға жәрдемдесу/сүйемелдеу;
— Шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру бағдарламаларын, танысу практикаларын, жазғы/қысқы мектептерді әзірлеуге жәрдемдесу;
— Шетелге шығатын студенттер мен ПОҚ үшін шет тілін білу деңгейін тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
— Халықаралық қызметті ресімдейтін құжаттарды әзірлеу (келісімшарттар, келісімдер, меморандумдар және т.б. мәтіндері).
Мекенжай:
ҚР, Алматы қ.,
Төле би көшесі 109б
2 қабат, 214 каб.
E-mail: ir@etu.edu.kz