Мазмұнға өту
04.12.2025 14

2025 жылдың 28 қараша күні META University «Креативті экономика және құқық» мектебі Құқықтану БББ

2025 жылдың 28 қараша күні META University «Креативті экономика және құқық» мектебі Құқықтану БББ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Құқық, қорғау және сенім: құқықтық қоғамды нығайтудың практикалық бағыттары» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

2025 жылдың 28 қараша күні META University «Креативті экономика және құқық» мектебі Құқықтану БББ

Дөңгелек үстел барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық қоғамды дамытудың өзекті бағыттарын талқылады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, құқықтық мәдениетті арттыру жолдары және азаматтардың құқықтық санасын күшейту мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды.

 

Меморандумға қол қойылды!

META University ректоры Темербаева Айжан Маратовна және Алматы облысының прокуратурасы облыс прокурорының  аға  көмекшісі, топ басшысы Абиров Махсат Ержанович өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою – бірлескен жұмыстың жаңа кезеңін бастайтын елеулі оқиға.

Бұл меморандумның басты мақсаты – заңдылықты нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамда ашықтық пен әділдік қағидаттарын одан әрі ілгерілету.

 

Заң клиникасының ашылуы!

META University ректоры Темербаева Айжан Маратовна және Алматы қаласы  Әділет  департаментінің  арнайы өкілі  Әбзелбек Шынар Мақсатқызы Заң клиникасы кабинетін ашты.

Заң клиникасы — азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, жастарға кәсіби біліктілігін арттыру және құқықтық ағартуды кеңейту жолындағы маңызды қадам.

Заң клиникасының ашылу салтанаты – студенттердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, практикалық құқықтық дайындықты күшейтуге, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Іс-шара барысында клиниканың мақсат-міндеттері таныстырылып, қызмет бағыттары мен жұмыс форматы түсіндіріледі.

Басқа жаңалықтар

Университет өміріндегі соңғы оқиғаларды қадағалаңыз

2026 жылғы 2 сәуірде META University кітапханасында Жалпы білім беру пәндері орталығы кітапханамен бірлесіп «Мұқағали Мақатаев — қазақтың ақиық ақынына арналған шығармашылық кеш» атты іс-шара өткізді.
10.04.2026

2026 жылғы 2 сәуірде META University кітапханасында Жалпы білім беру пәндері орт...

Толығырақ
«Engineering & IT Innovation Day – Student Research Projects» Университетімізде «Engineering & IT Innovation Day – Student Research Projects»
10.04.2026

«Engineering & IT Innovation Day – Student Research Projects» Университетімізде...

Толығырақ
Біздің студенттер құрамасы Alma Cup–2026 турнирінде 3-орынға иеленді.
09.04.2026

Біздің студенттер құрамасы Alma Cup–2026 турнирінде 3-орынға иеленді.

Толығырақ

Колёсико мыши для зума